ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙТАНУ ОЛИМПИАДАСЫ

Жаңалықтар

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай 2020 жылдың 21-23 қаңтарында Алматы қаласында ІІ республикалық Абайтану олимпиадасы өтті. Халқымыздың маңдайына біткен ұлы перзенті, көсемсөз шебері Абай мұрасын зерттеп-зерделеуге, ақын қарасөздерінің мән-маңызы мен қадір-қасиетін ұғынуға, тағылымы мол мұрасынан тәлім алуға бағытталған бұл олимпиадада облысымыздың жас жеткіншектері жеңіс тұғырынан көрінді.  Осы білім додасында ұлылық пен даралықты ұғыну жолындағы жетістіктерімен 2-орын иегерлері атанған Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің оқушылары Серік Аяжанды (мұғалімі – Аяпова Туғанай Узбекбаевна) және Қапалбай Аминаны (мұғалімі – Каримжанова Гульнар Мартебеновна) құттықтаймыз! Алдағы уақытта да Абай әлемін терең зерделеудегі ілім мен білімдеріңіз жоғары нәтижелерге жетелесін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *