1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XV- ші республикалық «Зерде» конкурсы

Жаңалықтар

2020 жылдың 27 — 29 қаңтар аралығында Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XV-ші республикалық «Зерде» конкурсы өтті. Алматы облысынан 21 оқушы қатысты – облыстық кезеңнің жеңімпаздары.
Конкурстың қорытындысы бойынша, І-ші орынды иеленген оқушылар: Калиев Темірлан, Азатқызы Ақерке, Сексенбаева Дария, Шалқарұлы Әділет — Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі; Резников Артур мен Кирясова Ульяна — Мелькомбинат негізгі орта мектебі, Ескелді ауданы;
ІІ-ші орын жеңімпаздары: Серікжан Наиля, Далабаева Жанерке — Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 лицейі; Жақсыбек Ерсұлтан — Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі; Қабдолда Маржан — Күреңбел ОМ, Кербұлақ ауданы; Уайс Шуақ — №5 ОМ, Текелі қ.; Орлик Альтаир — №4 ОМ, Қапшағай қ.
ІІІ орын жеңімпаздары: Дорошенко Илья — №8 ОМ, Текелі қ.; Чувасова Милана — №4 ОМ, Талдықорған қ.; Кенжебек Аружан — №7 ОМ, Текелі қ.; Жарылқасын Жанель — Ал-Фараби атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын гимназиясы, Қарасай ауданы.
Құрмет грамотасымен марапатталғандар: Маратқызы Балжан, Жолдасбек Марал, Бакурманова Дильназ, Курабаева Алуа, Оршан Айдана.
Облысымыздың мақтанышы, үздік жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Білім мен ғылымда биіктен көріне беріңіздер!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *