Дарын

Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

«Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен жастарға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 34, 42 баптарына,  «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17, 123, 124 және 125баптарына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен жастарға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Орталық) құрылсын.

2. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Орталыққа қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3. «Алматы облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысының бюджетінен Орталықтың құрылуына қаражат қарастырсын. 

4. Қоса беріліп отырған Орталықтың Жарғысы бекітілсін.

5. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Орталықтың Жарғысын аумақтық әділет органдарында тіркеуден өткізсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары                   Б. Байжұмановқа жүктелсін.

 

 

Облыс әкімі                                          А. Баталов