Педагогикалық шеберлік

Мақсаты:

  Дарынды балалармен жұмысты сапалы ұйымдастыру барысында білім беру

мекемелерінің ұстаздарына  кәсіби әдістемелік қолдау көрсету, табысты (озық)

іс-тәжірибелерді тарату.

Міндеттері:

  • Дарындылықты дамыту үдерісін ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету;
  • Олимпиада, байқау, жарыстар барысында дарынды балаларды анықтау, сұрыптау әдістері мен технологияларын әзірлеу;
  • Дарындылықтың өзекті мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықтың жүзеге асырылуына ықпалдасу;
  • Дарынды балалармен жұмыс бойынша озық педогогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, саралау, зерделеу, тарату;
  • Байқау, көрме, олимпиада, жарыс, семинар, оқу-жаттығу жиындарының нормативтік-құқықтық құжаттарын әзірлеу (тұжырымдамалар, ережелер);
  • Дарынды балаларды анықтау және қолдау сұрақтары бойынша республикалық, шет елдік жоғарғы оқу орындарымен өзара тиімді  іс-шараларды жоспарлау, өткізу;
  • Дарынды балалармен жұмысты жаңашылдықпен ұйымдастыру үдерісі бойынша ғылыми-әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар әзірлеу;
  • Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жоғары нәтижеге  қол жеткізген облыстық  ұстаздар қорын жинақтау, үздік мұғалімдер пулы және «ТРЕНЕР-ПЕДАГОГ» мобильді-шығармашылық топ жұмысын жүзеге  асыру;
  • Облыс ұстаздарына дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік құралдар, оқулықтар әзірлеуде қолдау көрсету; 
  • Мамандандырылған  білім беру ұйымдарымен  кеңейтілген оқу-әдістемелік Кеңес жұмысын үйлестіру;
  • «Жетісу дарыны», «Жас ғалым» олимпиадалық резерв мектептерінің мамандармен қамтылуына ықпал ету;