Мақсаты:
Дарынды балалармен жұмысты сапалы ұйымдастыру барысында білім беру
мекемелерінің ұстаздарына кәсіби әдістемелік қолдау көрсету, табысты (озық)
іс-тәжірибелерді тарату.
Міндеттері:
- Дарындылықты дамыту үдерісін ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету;
- Олимпиада, байқау, жарыстар барысында дарынды балаларды анықтау, сұрыптау әдістері мен технологияларын әзірлеу;
- Дарындылықтың өзекті мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықтың жүзеге асырылуына ықпалдасу;
- Дарынды балалармен жұмыс бойынша озық педогогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, саралау, зерделеу, тарату;
- Байқау, көрме, олимпиада, жарыс, семинар, оқу-жаттығу жиындарының нормативтік-құқықтық құжаттарын әзірлеу (тұжырымдамалар, ережелер);
- Дарынды балаларды анықтау және қолдау сұрақтары бойынша республикалық, шет елдік жоғарғы оқу орындарымен өзара тиімді іс-шараларды жоспарлау, өткізу;
- Дарынды балалармен жұмысты жаңашылдықпен ұйымдастыру үдерісі бойынша ғылыми-әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар әзірлеу;
- Дарынды балалармен жұмыс жүргізуде жоғары нәтижеге қол жеткізген облыстық ұстаздар қорын жинақтау, үздік мұғалімдер пулы және «ТРЕНЕР-ПЕДАГОГ» мобильді-шығармашылық топ жұмысын жүзеге асыру;
- Облыс ұстаздарына дарынды балалармен жұмыс жүргізу бойынша әдістемелік құралдар, оқулықтар әзірлеуде қолдау көрсету;
- Мамандандырылған білім беру ұйымдарымен кеңейтілген оқу-әдістемелік Кеңес жұмысын үйлестіру;
- «Жетісу дарыны», «Жас ғалым» олимпиадалық резерв мектептерінің мамандармен қамтылуына ықпал ету;